


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде алаштың абызы атанған белгілі ғалым Амангелді Айталының 80 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді. Мемлекет және қоғам қайраткерін мерейтойымен құттықтау үшін Ақтөбеге Мұхтар Шаханов, Әнес Ғарифолла, Ханбибі Есенқарақызы, Әлихан Бәйменов, Ирак Елекеев, Төлеген Қуанышев, Бәкір Әбдіжәлел сынды танымал тұлғалар арнайы келді.
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзін облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнап, ақтөбеліктер мен құрметті қонақтар мерейтой иесін құттықтап, игі тілектерін ақтарды. Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың Құттықтау хатын облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан табыстап, ыстық ықыласы мен ізгі лебізін жеткізді.
Сондай-ақ, мерейтойда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» куәлігі табысталып, мерейтой иесінің «Рухани кемелділік» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nurgasyr.kz
21.09.2019
3544
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру