Алматы облысы Талдықорған өңірі Кербұлақ аудандық мешітіне "Нұр Мүбарак" университетінің түлегі, магистр Яқып Айса тағайындалды. Жаңа қызметке келген имам бұрыңғы аудан имамы Мүтебаев Қанаттың басқа қызметке ауысуына байланысты орнына бекітілді.
Бас мүфтидің бұйрығын Талдықорған орталық "Иман" мешітінің наиб имамы Дәуітов Керімбек оқып, жиналған жамағатқа жаңа имамды таныстырды. Бұрынғы имамға атқарған қызметіне алғыс айта келе, жаңадан бекітілген имамның қызметіне сәттілік тіледі.
Яқып Айса 1993 жылы туған.
2011-2015 жылдар аралығында "Нұр-Мүбарак" университетін оқып бітірген.
2015-2017 жылдар аралығында "Нұр-Мүбарак" университетінің магистрі.
2015-2016 жж. аралығында Талдықорған қаласы "Нұр" мешітінде наиб имам қызметін атқарды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Taglym.kz
20.09.2019
3872
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру