ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жалағаш аудандық «Иманқұл ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Мұсылман әйелдің мәртебесі» тақырыбында кездесу өтті.
Аудандағы әйел жамағатымен өткен кездесуге арнайы шақыртылған облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова жергілікті ханымдарға исламдағы мұсылман әйелдің мәртебесі мен дәрежесі туралы сөз етіп, тұлғалық ерекшеліктері мен міндеттері туралы түсіндірді.
Шара соңында кездесуге келген ақ жаулықты аналарымызға мешіт тарапынан дайындалған кәдесыйлар таратылып, тұрмысы төмен отбасы балаларына мектеп сөмкелері үлестірілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
20.09.2019
3182
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру