Нұр-Мүбарак университетіне түскен студенттер саны биыл бітіруші түлектер санынан екі есе артық қабылданды. Жыл сайын студенттер қатары артқан университетте жаңадан келушілерге оқу орын тәртіптерімен ғана емес, білім алу үшін уақытты тиімді пайдаланып, интеллектуалдық мүмкіндіктерді барынша қолдану жайлы да ақыл-кеңестер беріледі. Соның бірі Жастар комитеті «Қыздар» бөлімінің ұйымдастыруымен «Маңызды мәселелерді талқылайық! Бұл - Нұр-Мүбарак аялдамасы» атты іс-шара өтті.
Негізгі мақсат – жаңадан түскен студенттермен танысу, олардың мәселелерін тыңдау, қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Алдағы оқу жылына өзара жоспар құру.
Бірінші курс студенті жаңа ортаны жатсынып, кімнен ақыл сұрап, кіммен сырласарын білмей жатады. Мұндайда не істеу қажеттігін психолог, ұстаз Шұғыла Дуанаева түсіндіріп берді. Тұлғаның өзіне деген сенімділігін көтеретін психологиялық ойындар да ойнатылды. Ал Нұр-Мүбарак университетінің магистранттары, тәрбиеші-ұстаздар Гүлвира Заурбекова, Әйгерім Калкаева лекция оқып, студенттерге мол мағлұмат, дұрыс жолға бастайтын бағыт-бағдар берді.
Жоғары курс студенті Назерке Әбдіраш «Кітаппен қалай достасамын?» тақырыбында тренинг өткізіп, қыздардың уақытын жоспарлауына көмектесті. Кездесудің жүргізушісі, ұйымдастырушы Анель Ильясова алдағы уақытта мұндай шаралардың жиі өтетіндігін айтып өтті.
Университ студенттеріне еш уайымсыз білім алуына барлық жағдай жасалған: заманауи үлгідегі жатақхана, кітапхана, оқу залдары, асхана, жаңа оқу залдары. Оқытушы, ұстаз, тәрбиешілер студенттермен тығыз қарым-қатынаста. Соның дәлелі болған «Бұл – Нұр-Мүбарак аялдамасы» жиыны жас студенттерге өздеріне деген серпін берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
17.09.2019
4056
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру