Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Халал – халық таңдауы»

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 17.09.2019 3289 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жалағаш аудандық «Иманқұл ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Халал – халық таңдауы» тақырыбында аудан халқымен кездесу өтті.

Аудандық «Мәдениет және өнерді дамыту» орталығында өткен шараға ҚМДБ жанындағы «Халал Даму»  ЖШС-ның Сыр өңіріндегі жауапты бақылаушысы П.Шарапатова, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаев, ардагер Ғ.Әбібеков, жергілікті кәсіпкерлер, «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің» студенттері мен мұғалімдері, мешіт қызметкерлері және тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында «Иманқұл ата» мешітінің Бас имамы А.Мадиев «халал мен харам ұғымы» жайлы сөз қозғаса, Перизат Жандылдақызы «адал ас тұтынудың маңыздылығы», «сертификаттау мақсаттары», «тағамдық қоспалардың түрлері мен технологиялары» жайлы түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Бұдан кейін кәсіпкерлермен келіссөз жүргізу барысында сертификат алуға ниеттенген кәсіпорын жұмыстарымен танысып, Аққұм ауылындағы халал сертификатын алған «Бақдәулет» шаруашылығының жұмыс барысын бақылап қайтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру