ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы және өзге сала мамандары Қызылорда облыстық телеарнасының «Өмірдің өзі» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді.
«Мемлекетке масылдық көзқарастан қашан арыламыз?» тақырыбында өткен кезекті бағдарламада мамандар мәселенің ақиқатын айтып, себеп-салдарын талдады. Әрбір жеке тұлға өз өмірі үшін жауапты екенін ескере отырып, рухани әлсіздік пен енжарлықтың кесірінен басындағы мәселелерді «мемлекет немесе өзге біреу шешіп беруі тиіс» - деген ойдан сананы түпкілікті тазарту қажет екенін алға тартты.
Тоқсан ауыз сөздің түйінін тобықтай келе, «Балық берме, қармақ бер» демекші, ел дамуына барша халық үлес қосуы үшін алдымен масылдық көзқарастан арылтып, еңбекке баулу маңызды екенін бірауыздан тұжырымдады.


Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру