Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» ЖШС директоры Ануар Елжанов арнайы іс-сапармен Маңғыстау облысына келді.
Өкіл имам Смайыл қажы Сейтбеков ресми сапармен келген Ануар Ізімбайұлын облыстағы дін қызметкерлеріне арнайы таныстырып, семинар ұйымдастырды. Облысқа қарасты бірқатар мешіт имамдарына жүргізілген оқу-семинарында халал өміндерге байланысты ақпарат берілді. Қазіргі таңда халал өнімін тұтынушылар да, оны шығарушылар да көбейіп келеді. Және оны тексеру қатаң түрде, өте мұқият жүргізіледі. «Халал» сертификаты не үшін керек, оны алу үшін өнім қандай талаптарға сай болуы тиіс, өнімді тексеруден қалай өткізеді сынды мәселелерді баяндалды.
Семинар барысында имамдар халал өнімдеріне қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қарат өкілдіктің тиісті салаларға жауапты жетекшілеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
17.09.2019
3051
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру