Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжі студенттеріне «Дін және жастар» тақырыбында дәріс жүргізілді.
Аталмыш шараға «Шымкент» медресе-колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Бейбіт Бітебаев, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қоғамдық қорының жетекшісі, PhD докторант Арман Серікұлы, Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, дінтану кафедрасының оқытушысы, сараптамашы, теолог, PhD доктор Бауыржан Ботақараев қатысты.
Дәріс берген лекторлар отбасы құндылығы, дін мен дәстүр сабақтастығы, қыз-баланың қоғамдағы орны, дін қызметкерінің заман талабына сай жаңа технологияларды иегеру, т.б. тақырыптар төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, кездесу барысында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
17.09.2019
3823
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру