Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Мерейлі отбасы» қайырымдылық жобасы аясында бүгін Елордамыздағы мұқтаж отбасыларға сыйлық жасалды. Бас мешіттің техникалық қызметкерлері мен «Инабат» қыз-келіншектер клубы мүшелері үй-үйді аралап, көп балалы отбасыларға көмек үлестірді. Атап айтқанда, бүлдіршіндерге аяқ киімдер мен түрлі киімдер тарту етіліп, аналарына айлық азық-түлік қоры ұсынылды.
ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен былтырғы жылы өз жұмысын бастаған «Инабат» қыз-келіншектер осы уақыт ішінде бірқатар қайырымдылық шараларына ұйытқы болып, Бас мешіт шәкірттері мен әйел жамағаты үшін жақсылық жасау жолында жолбасшы болып келеді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muslim.kz
17.09.2019
3671
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру