Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде дін қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды жиын өтті. Басқосуды ашқан өкіл имам Төлеби қажы Дәділұлы ең алдымен, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың ҚМДБ қызметкерлеріне жолдаған алғысын жеткізді.
Сондай-ақ, өкіл имам тамыз-қыркүйек айларында Ақтөбе қаласында өткен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында атқарылған іс-шараларға тоқталып, үгіт-насихат жұмыстарында белсенділік танытқан имамдарды үлгі етті.
Жиналыс барысында ақтөбелік имамдарға ҚМДБ бекіткен мешіт салу ережесі таныстырылып, деструктивті діни ағымның алдын алу жұмыстарын жетілдіруге қатысты діни басқарма бекіткен ЖАНТ жоспары жеткізілді. Сонымен бірге үгіт-насихаттың басты көзі болып табылатын муфтияттың төл басылымдарына жазылу мәселесі пысықталып, мешіттердің қысқы маусымға дайындық шараларын жүргізу де назардан тыс қалмады.
Имамдардың жұмысқа жауапкершікпен қарау мәселесі, олардың уақыт талабына сай жаңашылдықпен жұмыс жасауы еске салынды. Дін қызметкерлерінің діни шараларды өткізу барысында, яғни ас, садақаға барғанда, яки жаназа рәсімінде пәни мен бақи туралы айтумен ғана шектелмей, рухани құндылықтарды насихаттау керектігі де сөз етілді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
17.09.2019
2761
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру