Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбенің «сұрақ-жауап» алаңында – РАНТ мүшелері

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 16.09.2019 3303 0 пікір
Ақтөбенің «сұрақ-жауап» алаңында – РАНТ мүшелері

Қыркүйекте «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Елордадан Ақтөбеге арнайы республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері: «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Дінмұхаммед Смановтың іс-сапармен келгендерін хабарлаған едік. РАНТ мүшелері өңірдегі сапар барысында мешіттердің жамағатымен жылышырайлы жүздесулер барысында әртүрлі өзекті тақырыпта мазмұн-мағыналы уағыз айтумен бірге, «Діни сұрақтарға жауап беру алаңында» болып, ақтөбеліктердің көкейіндегі сан алуан сауалдарын ой елегінен өткізді.

Ақтөбеде 4-6 қыркүйекте болған Асқар Әбітайұлы қасиетті жұмада «Нұр Ғасыр» мешітіне келген 4 мыңдай жамағаттың алдында «Сүннетпен амал етудің маңыздылығы» хақында уағыз жүргізді. Бұдан кейін «Нұр Ғасыр» мешітінің «Діни сұрақтарға жауап беру алаңында» болып, ақтөбеліктердің сауалдарына жауап қайтарды. Кездесу барысында елордалық имамға 30 сұрақ қойылып, 29 сауалға толымды жауап берілді. Тек, несиеге үй алуға байланысты бір ғана сауал діни басқармаға жолданды. Жалпы, бұл жүздесуде жастар белсенділік танытып, жеке сауалдарымен қатар, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды. Бір сағаттан астам уақытқа созылған «сұрақ-жауап» барысында жол-сапардағы намаз, отбасы құндылығы мен бала тәрбиесі, «орамал мәселесі» сынды тақырыптар қозғалды.

Облыс орталығында 11-13 күндері болған Дінмұхаммед Сманов қалалық орталық мешітте «Ысырапшылдық – Алла сүймейтін іс» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Одан соң, мешіт жамағатымен «сұрақ-жауап» ұйымдастырылды. Төрт-бес сұрақ қойылып, бұлардың біразы «орамал мәселесі», сауда-саттық жүргізу мен несие алу төңірегінде өрбіді.

Жалпы, осынау 500-дей адам қатысқан «сұрақ-жауап» барысында РАНТ мүшелерінің жергілікті жамағаттың қойған сауалдарына қайтарған жан-жақты да толымды жауаптары көпшіліктіңкөңілінен шықты. Әсіресе, елдің тыныштығы, Жаратқаннан жарылқау тілеу, шынайы мұсылманның сипаты, көркем мінез, тақуалық, отбасы құндылығыхақындағы ой-пікірлері ақтөбеліктерді тереңдігімен баурап, ізгілікке үндеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру