Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша 125-баспана берілді (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 13.09.2019 3281 0 пікір
ШҚО: «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша 125-баспана берілді (ФОТО)

ҚМДБ «Зекет» қорының Өскемен аймақтық бөлімінің ұйытқы болуымен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде жалғызбасты ана А.Қалиевағаға 4 бөлмелі үй берілді.

Ізгілік шарасына Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Іс басқарушысы Б.Кәдіров, өңірдің «Зекет» өкілі Қуат Аманбол, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Зауатбек Сайлауұлы және Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімдігінің қызметкерлерімен кәсіпкерлер, Асубұлақ кентінің әкімі, ауыл тұрғындары қатысты.

Баспана табыс ету салтанатында Өскемен аймағы бойынша «Зекет» қорының өкілі Аманбол Қуатұлы сөйледі:

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ел үлесі-пәтерге акциясын жариялаған болатын. Осы акцияның нәтижесінде еліміз көлемінде қысқа мерзім ішінде 125 отбасы баспаналы болып жатыр. Бұл үй Шығыс өңірде беріліп жатқан 5-баспана, біз баспанаға мұқтаж осы отбасыны әдейі таңдап, Алла разылығы үшін қайырымдылық шарасына қамтып отырмыз» деп атап өтіп, қайырымдылық жасаудың маңызына тоқталды.

Жиналған халықтың алдында Асубұлақ кентінің тұрғыны, жалғызбасты ана Калиева Асияға 4 бөлмелі үй табыс етілді.

Игі іс-шараға арнайы қатысқан Асбұлақ кентінің әкімі осындай игі жобаны ұйымдастырып жатқан өкілдікке шынайы алғыс білдірді. Баспанаға ие болған отбасындағы ақбасты ана өкілікке, «Зекет» қорына рахметін айтып, шашу шашты.

Баспанаға ие болған А. Қалиева отбасындағы қуанышты кент тұрғынадары бөлісіп, қазақ дәстүрімен көрімдік беріп, ақ дастархан жайылып, көңілді мерекеге жалғасты.

«Ел үлесі-пәтерге» жобасы өңірде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру