Сыр еліне арнайы сапармен келген республикамызға танымал теолог, исламтанушы, Әл-Азһар университетінің түлегі Е.Қарақұлов Сыр жастарымен кездесті.
Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен кездесуде Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Еркебұлан Ыбырайымұлы және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы білім алушы жастарға «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» тақырыбы аясында «дінді дұрыс ұстану», «діни білімді арнайы бекітілген мамандардан алу», «заманауи білім-ғылымды игеру», «деструктивті діни ағымдардың түпкі мақсаты мен идеологиясы» туралы түсіндіріп, ағалық ақыл-кеңестерінмен бөлісті.
Шара барысында танымдық видеороликтер көрсетілген соң, студент жастардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
13.09.2019
3347
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру