Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СЫР ИМАМДАРЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 13.09.2019 2814 0 пікір
СЫР ИМАМДАРЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін мешіт имамдары Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Е.Қарақұловтың қатысуымен өткен семинар-тренингке қатысты.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында өткен шараға респбуликамызға белгілі теолог, исламтанушы ғалым, Әл-Азһар университетінің түлегі Еркебұлан Қарақұлов арнайы шақыртылып, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Б.Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Б.Камалов, қалалық ішкі саясат басқармасы қызметкерлері, АТТ мүшелері, кент және ауыл әкімдері, қала мектептеріндегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері қатысып, «Деструктивті діни ағымдардың идеологиясын алдын алу жолдары» тақырыбында өзекті мәселерді ортаға салып, оңтайлы шешу жолдарын талқылады.

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген семинар-тренинг соңында қатысушылар тәжірибелі мамандарға сауалдары мен ұсыныстарын жолдап, өзара пікір алмасты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру