Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Психолог шәкірттермен кездесті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 12.09.2019 2404 0 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Психотерапия психологиялық орталық» АҚ – ның психологы М.Букашова Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде кездесу жасады.

Жиныға Өскемен өңірі бойынша «әйел-қыздар» секторының шәкірттері қатысты.

Психолог шәкірттерге отбасылық құндылықтар және өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу жолдары туралы дәріс оқыды.

Кездесудің ашылуында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин сөз сөйлеп, жиынның маңызына тоқталып: «Ұлы Жаратушы Алла Тағала адамзат баласына сана берген. Әр адам үшін адамгершілік құндылықтардың маңызы ерекше. Ең бастысы адамдар өзін дамытуға барынша мән беріп, жақсылыққа ұмтылу керек» деп атап өтті.

Д.Қабидолдин сонымен қатар өкілдік тарапынан осындай танымдық жиындарды көптеп ұйымдастырылып отырғандығын жеткізіп, дәріске сәттілік тіледі.

Кездесу-дәріске мешіт шәкірттері белсенді қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру