Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дінмұхаммед Сманов Ақтөбеге келді

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.09.2019 2456 0 пікір
Дінмұхаммед Сманов Ақтөбеге келді

Бүгін, 11 қыркүйекте, «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Ақтөбе қаласына еліміздің астанасынан республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Дінмұхаммед Сманов арнайы іс-сапармен келді.

Сауд Арабияда білім алған «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы облыстағы жұмыс сапарын Ақтөбе қалалық орталық мешітінен бастады. Бесін намазынан кейін ғибадатхана жамағатымен кездескен РАНТ мүшесі әртүрлі тақырыпта мазмұн-мағыналы уағыз айтты.

Бүгін ақшам намазынан кейін Дінмұхаммед Сманов «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің жамағатымен кездесіп, тағылымды уағыз айтпақ.

Ертең, бейсенбіде, бесін намазынан кейін – «Досжан Хазрет» және құптан намазынан кейін – «Бақытжан» мешіттерінің жамағатымен кездеседі.

Ал жұма күні қалалық орталық мешітте «Ысырапшылдық – Алла сүймейтін іс» деген тақырыпта жұма уағызын жүргізбек. Сондай-ақ, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алғысы келетіндер үшін, жұма намазынан кейін елордалық қонақ арнайы «Сұрақ-жауап алаңында» өзекті сауалдарға жауап беретін болады.

Сонымен бірге «Нұрдәулет» мешітінде асыр намазында болып, жергілікті жамағатқа уағыз айтуы жоспарланған.

Құрметті жамағат! Баршаңызды РАНТ мүшесі Дінмұхаммед Смановтың мазмұн-мағыналы уағыздарын тыңдауға шақырамыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру