ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Жастар ісі" секторының ұйымдастыруымен мешіт имамдары мен студент жастардың еркін форматтағы сұхбаттастық кездесулері қайта қолға алынды.
Қаламыздағы оқу орындарының, атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің және М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің студенттерімен "Иманды ұрпақ, ұлт болашағы" тақырыбында өткен еркін кездесуде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Жастар ісі" секторының үйлестірушісі С.Әбіл және қалалық "Сұлтан" мешітінің бас имамы Қ.Отызбаев жастарға «білім алу, жан-жақты даму», ата-ана разылығын алу», «отанды сүю» және т.б. тақырыптарда уағыз-насихат айтып, толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Жаңа оқу жылында жанданған шара мақсаты - жастарды білім алуға, ұстазды құрметтеуге, ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу және жат ағым жетегінде кетудің алдын алу болып табылады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
11.09.2019
2862
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру