Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр Астана»: Білімді ұрпақ – ел болашағы

www.ummet.kz 10.09.2019 2825 0 пікір
«Нұр Астана»: Білімді ұрпақ – ел болашағы

«Нұр Астана» мешітінде Сауат ашу курсы жаңа маусымының шәкірттерімен кездесу өтеді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жат ағым мәселесі – бүгінгі таңдағы маңызды мәселе. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыттарының бірі – халықтың діни сауатын көтеру арқылы, жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру. Сол себепті мешітімізде дұрыс діни ақпарат бере отырып, деструктивті ағымдардан сақтандыру мақсатында  РАНТ және ЖАНТ мүшелерімен арнайы кездесулер, тақырыптық дәрістер, уағыз-насихат жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

Осыған орай, 10-шы қыркүйек ақшам мен құптан намазының аралығында Бас имам, РАНТ мүшесі Асқар Мұқановпен арнайы кездесу өтеді.

Кездесу аясында Бас имам бүгінгі таңдағы діни сауаттылықтың маңызы, жат ағым идеялогиясынан сақтану жолдары, білімнің қадір-қымбаты жайында уағыз айтады. Салихалы кездесу мен сүбелі әңгімеге шақырамыз, ағайын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру