Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Маңғыстауға келді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспсөз қызметі 09.09.2019 2799 1 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Нұр-Астана мешітінің бас имамы Мұқанов Асқар 6 қыркүйек күні Маңғыстау облысына арнайы келді. РАНТ мүшесі жоспарға сай мешіт жамағатымен бірнеше кездесу өткізді.

1.Бейнеу аудандық мешіті: Облыс орталығынан ең шалғай орналасқан Бейнеу ауданына 7 қыркүйек күні арнайы барып, жамағатпен бесін намазын оқып, намаздан кейін өкіл имам Смайыл Сейтбеков келген қонақты таныстырды. А.Мұқанов «Ілім алудың маңызы» жайында тұшымды уағыз айтып, уағыз соңында жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Сол күні ақшам намазынан кейін уағыз қайта жалғасты. А.Мұқанов «Тақуалық пен кішіпейілділік» жайында тартымды уағыз айтты. Өкіл имам С.Сейтбеков уағыз біткен соң келген қоанққа жамағат атынан алғысын білдірді.

2.Жетібай ауылдық мешіті: 8 қыркүйек күні жоспарға сәйкес Қарақия ауданы, Жетібай кентіндегі мешітте бесін намазынан кейін өкіл имам Смайыл Сейтбеков келген қонақты жамағатқа таныстырды. А.Мұқанов «Тақуалықтың белгісі» жайында уағыз айтып, уағыз соңында жамағат тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Мешіт жамағаты уағыздан кейін жайылған дастархан басында өкіл имамның насихатын тыңдады .

3.Әбіш қожа мешіті: 8 қыркүйек күні Жаңаөзен қаласындағы Әбіш қожа мешітінде шам намазын өкіл имам С.Сейтбеков жүргізіп, намаздан кейін жамағатқа РАНТ мүшесі А.Мұқановты таныстырды. Шам мен құптан аралығында «Кешірім мен сабыр мұсылманға керек» тақырыбында тұшымды уағыз айтты. Уағыз барысында көптеген мысалдар келтіріп, уағыздан кейін жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Барша жамағат келген қонаққа алғыстарын білдіріп тарқасты.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Асет Естеков Сенбайұлы | 10.09.2019 04:07

Ассалаумағалайкум жамағат неге ислам діни мектептер ашпаймыз кішкентай балдарға мүмкіндік бермиміз кітаптар неге өндірмиіз білім министрлігінің басшысына ұсыныс жасаумыз керек.