Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі жүздеген ақтөбелікпен кездесті

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 07.09.2019 2638 0 пікір
РАНТ мүшесі жүздеген ақтөбелікпен кездесті

4 қыркүйекте Ақтөбе қаласына республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов іс-сапармен келген болатын. РАНТ мүшесі өңірдегі жұмысын «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінен бастап, сәрсенбілік ақшам намазынан кейін ғибадатхана жамағатымен кездескен еді.

Іс-сапарының екінші күні Асқар Әбітайұлы бесін намазынан кейін – «Досжан Хазрет» мешітінде, ал ақшам намазынан соң – қалалық мешітте уағыз айтты.

Қасиетті жұмада РАНТ мүшесі «Нұр Ғасыр» мешітіне келген 4 мыңдай жамағаттың алдында «Сүннетпен амал етудің маңыздылығы» тақырыбында уағыз жүргізді. Бұдан кейін мешіттің «Діни сұрақтарға жауап беру алаңында» астаналық қонақтың жергілікті жамағатпен жүздесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында елордалық имамға ақтөбеліктер 30 шақты сұрақ қойып, 29 сауалға толымды жауап берілді. Тек бір ғана сұрақ, несиеге үй алуға байланысты сауал діни басқармаға жолданатын болды. Жалпы, 100-ден астам адам қатысқан тағылымды жүздесуде жастар да сауалдарымен бірге, ой-пікірлерін ортаға салды. Негізінен, сапардағы намаз, орамал мәселесі, отбасы құндылығы мен бала тәрбиесі тақырыптары қозғалған «сұрақ-жауап» 1 сағатқа созылды.

Ал жұмадағы ақшам намазынан кейін Асқар Мұқанов «Нұр Дәулет» мешітінің жамағатымен кездесіп, әртүрлі тақырыпта мазмұн-мағыналы уағыз айтты.

Сонымен бірге РАНТ мүшесі № 8, 31, 36 мектептердің ұстаздары мен ата-аналарымен кездесулер өткізді. Асқар Әбітайұлының осынау іс-сапары барысында «Сүннетпен амал етудің маңыздылығы», шынайы мұсылманның сипаты, тақуалық, көркем мінез, жалпы отбасының құндылығы хақындағы уағыздарын жүздеген ақтөбелік тыңдап, жұртшылыққа терең ой салды. Сондай-ақ, жергілікті жамағат та астаналық имамға әртүрлі сауалдарын қойып, тиянақты жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру