Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Шебер әйел» қолөнер орталығының ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктері елшілігі мен «UMMET» қоғамдық қорының демеушілігімен жабдықталған тігін сыныбын салтанатты ашу рәсімінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы құттықтау сөз сөйлеп, ақсақалдармен бірге лентасын қиды.
Аталмыш демеушілердің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан бастау алған қайырымдылық жобасы Қызылорда қаласында жалғасып, Сыр өңірінің әйел жамағатын қуанышқа бөледі.
Жобаның мақсаты - "балық берме, қармақ бер" демекші, жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерге үйде отырып та табыс таба алатын кәсіпті үйрету.
Орталық 20 тігін машинасымен жабдықталған және мешіт тарапынан қажетті құрал-жабдықтармен (қайшы, ине-жіп, мата, т.б.) қамтамасыз етілген. Курс тегін жүргізіледі, модельер-конструктор, тәжірибелі маман, «Сафия» тігін шеберханасының директоры Ж.Ермекқызы тігін үйренуге ниетті кез-келген қыз-келіншекке тігіннің қыр-сырын үйретеді.
Болашақта қолөнер орталығында тігіннен бөлек, басқа да аспаздық, тоқыма және т.б. бойынша кәсіби мамандардан шеберлік сабақтары мен өзгеде қолөнер курстарын өткізу жоспарлануда.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
07.09.2019
3973
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру