ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі апта басынан бері Созақ ауданында Бас Мүфтидің тапсырмасымен сапарда жүр. Сансызбай Құрбанұлы Шолаққорған, Таукент, Қыземшек ауылдық мешіттерінде бесін мен құптан намаздарында жамағатпен жүздесті. Радикалды ұстанымдағылар дау тудыратын діни тақырыптарда насихат айтты. Сондай-ақ, Таукенттегі А.Жұбанов атындағы саз мектебінде оқушылармен, Тау-кен көп салалы колледжінде студенттермен сұхбаттасты. Ұстазбен кездесуге ұзын-саны 500-ден астам жас қатысты. Оларға діни ілім мен дүниәуи білімнің пайдасы түсіндірілді.
Сансызбай Құрбанұлы Созақ ауданындағы тарихи орындарға барып, Қарабура, Ысқақ баб, Баба Түкті Шашты-Әзиз әулиелерді зиярат етті. Жамағаттардың ақида, фикһ, жаназа, жерлеу рәсімі, азалы үйде қазан асудың шариғи үкімдері жайында қойған және т.б сұрақтарына жауап берді. РАНТ мүшесінің теріскейге сапарын жергілікті жұртшылық қуана қабылдады. Сансызбай Шоқанов вуыл ақсақалдарымен жастар тәрбиесі турасында әңгімелесті. Мемлекет басшысының ел игілігіне бағытталған Жолдауына қолдау білдіруге шақырды. Бүгін Шолаққорған орталық мешітінде Жұма уағызын айтып, тағы бірқатар жеке кездесулер өткізеді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
06.09.2019
3610
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру