Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты жиын өтті. Екі елдің әнұраны, қасиетті Құранмен ашылған жиында беташар сөз сөйлеген ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди: «Бүгін баршаңызды үш бірдей мерекемен құттықтағым келеді. Хижри жыл санауы бойынша 1441 жыл басы әрі жаңа оқу жылы. Күні кеше өткен Қазақстан Республикасы Конституция күні және ең қуаныштысы жаңа студенттердің келуі, оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Жаңа ғана сіздердің көздеріңізден әнұранға деген құрметті байқадым. Бұл мені ерекше сезімге бөледі. Әрі бүгін сіздер қандай белсенді болсаңыздар, жыл соңына дейін осы қарқынды сақтап қалуларыңызға тілекшімін,-деді.
Ал проректор, доцент Қайрат Құрманабев жаңа оқу жылымен құттықтап қана қоймай, болашақ исламтанушы, дінтанушы, теологтардың қоғам өміріндегі маңызы мен олар үшін ілім алудағы ескеретін жағдайларға қысқаша тоқталды:
Сондай-ақ Оқу-әдістемелік басқарма басшысы Жалғас Сандыбаев оқу үдерісіне тоқталып, 100-ге жуық оқытушы-профессорлардың жаңа оқу жылына сақадай сай екенін, әсіресе Мысырдан 17 ғылым докторлары, профессорлардан тәлім алудың да артықшылығы жайлы атап өтті. Биыл Нұр-Мүбарак университетіне исламтану, теология, дінтану, шетел филологиясы мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура бөлімдеріне 500-ден аса шәкірт оқуға түсті. Бұл жылдағы көрсеткіштен бір жарым есеге өсіп отыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
02.09.2019
4577
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру