Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Іс басқарушы халықпен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 02.09.2019 3087 0 пікір
ШҚО: Іс басқарушы халықпен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Іс басқарушысы Берік Кәдіров жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданында болды.

Сапар барысында Б.Кәдіров «Шемонаиха аудандық мешітінің» жұмыс барысымен танысып, аудан мешітінің жай-күйі, қысқа дайындығын және  құжат, іс-қағаздарын тексерді.

Сонымен қатар мешіт қызметкерлерімен кездесіп, өткен айлардағы атқарған істері және алдағы жоспарларымен танысып, бірқатар мәселелер бойынша аудан имамы И.Еркінбайұлына нұсқау-тапсырмалар берді.

Іс басқарушы:

«Өкілдіктен ЖАНТ кездесулерін жүйелі түрде жүргізу, ауан мешіттерінң хал-ахуалымен танысып, халықпен кездесу туралы арнаулы жоспар жасалып, іске асырып жатырмыз. Ауандық мешіттердің қызметіне халықтың көзқарасы, діни қызмет туралы жамағаттың пікірін тыңдау аса маңызды» деп атап өтті.

Ол сонымен қатар жеке сұрақтары бойынша аудан тұрғындарын қабылдады.

Б.Кәдіров мешітке жиналған жамағатқа насихат айтып, халықтың сауалдарына жауап берді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру