Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Мектеп оқушыларының тамақтануына қатысты дөңгелек үстел өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 01.09.2019 3612 0 пікір
Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратында аймақтық мектептердегі балалар тағамына қатысты облыстық жиын өтті.
 
Жиынға «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының сарапшысы, балалар тағамын бақылау және енгізу Республикалық Ассоциациясы атқарушы комитетінің төрағасы М.Баелев, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шынтасов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Шүкірова, облыстық жастар денсаулығы орталығының директоры Ж.Калмакова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметов, ҚМДБ, «Халал Даму» ЖШС-ның жауапты өкілі П.Шарапатова, сонымен қатар облыстық товар және қызмет қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, қалалық білім басқармасы, биліктік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер және де аудан әкімдері мен орынбасарлары онлайн форматта қатысты.
 
Дөңгелек үстел тақырыбына сәйкес, күн тәртібінде қаралған басты мәселе - Қызылорда облысындағы мектеп оқушыларының адекватты физикалық белсенділігі мен сапалы тамақтануына қатысты өңірлік бағдарлама жасау және енгізу мәселелері қарастырылды.
 
Жиынға арнайы шақыртылған кәсіби маман М.Сембайұлы өзінің баяндамасында қатысушыларға бағдарламаның маңыздылығын айқындап, пилоттық жобаның негізгі қағидалары мен шарттарын құру барысында Халал стандарты талаптары негізге алыну керектігін атап өтті.
 
Жиын соңында, қатысушылар тағамның адам денсаулығы мен мінез-құлқына, психологиясына әсері мол екендігі медицинада дәлелденгенін ескере отырып, «пилоттық жобаның жүзеге асырылуы ұлт болашағы үшін маңызды»-деген шешімге келді.
 
 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру