Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірінде діни бірлестіктер жетекшілерінің отырысы өтті

Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі 30.08.2019 2934 0 пікір

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Конституция күніне орай, «Ата-заң елдігіміздің еңсесі» атты діни бірлестіктер жетекшілерінің ХІІ Клуб отырысы өтті.

Жиын өркениетаралық және дінаралық ынтымақтастықтың жаңа идеяларын ілгерілету, қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, жергілікті діни бірлестіктер жетекшілерінің өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызу және бірлесіп іс-қимыл жасау кезінде орын алатын мәселелерге қатысты ортақ көзқарастарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер өкілдері қатысып, көпконфессиялық және көпұлттық қоғам азаматтарының мемлекеттің дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесін, зайырлы мемлекеттегі дін мен діни дәстүрлердің мәнін, елдегі діни бірлестіктер өкілдерінің ұлттық деңгейде келісім мен диалогты дамытудағы рөлі туралы әңгіме қозғады.

Іс-шараға арнайы ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, жиналған қауымды Қазақстан республикасының Конституция күнімен құттықтап, «Зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы» атты тақырыпта баяндама жасады. Жиын соңында Елбасының балалық шағынан бастап, тұлға болып қалыптасуына дейінгі кезеңдерден мәлімет беретін құнды жәдігерлер қойылған экспозициялық залдарға экскурсия жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру