Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан Қостанай қаласына келген сапары барысында жұма намазын өткізді.
Дін қайраткері облыстық «Аймағамбет қажы Сапанұлы» мешітінде жұмаға келген жамағатқа «Ғалымдардың исламдағы мәртебесі» тақырыбында уағыз айтты.
Ғалымдардың мәртебесін олардың қоғамдағы орнын түсіну үшін ғалым адамдарға Алла тарапынан берілген негізгі тоғыз қасиетіне тоқталып өтті.
Намаз соңында оқылған қасиетті Құран аяттарына дұға қылып, Отанымызға тыныштық, елімізге амандық, ауырғандарға шипа, береке-бірлік тіледі.
Мешітке келген ақсақалдар мен жастарға көңіл бөліп, олармен амандық сұрасып, риясыз ниетін білдірді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
30.08.2019
3008
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру