Ақсу қаласының іргесінде орналасқан Ақсу кентінде жаңа мешіт бой көтерді.
Алла үйінің ашылу салтанатына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысындағы өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы, Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев және басқа да лауазымды тұлғалар мен ел ақсақалдары, жергілікті тұрғындар қатысты.
Өкіл имам мешіт құрылысына атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, оларды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.
Өз кезегінде Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев жаңа мешіттің ел игілігі үшін ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтіндігіне сенім білдірді. Сондай-ақ мешіттің құрылысына жетекшілік етіп, бастамашыл болған Ақсу кентінің тұрғыны Амангелді Құсманов ақсақалдың иығына шапан жапты.
Ақсу кентіндегі жаңа мешітке Жомарт Семсерхан бас имам болып тағайындалды. Ол бұған дейін Ақсу қалалық мешітінде наиб имам болып жұмыс істеген болатын.
Ал мешіт дизайнының авторы – Елена Полец. Ол «Атри Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз қызметі.
29.08.2019
3894
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру