Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Наиб имам департамент қызметкерлеріне дәріс оқыды

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі 29.08.2019 2633 0 пікір

Облыстық орталық мешіттің наиб имамы Қажымұхан Қамбарұлы «ҚР ішкі істер министірлігінің төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесіне болды.

Наиб имам Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінде суициттің алдын алу бойынша өткізілген басқосуда болып, «Сицид – ауыр күнә» тақырыбында сөз қозғады. Кездесу барысында Қажымұхан Қамбарұлы:

«Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде өзіне-өзі қол салу ауыр күнә ретінде сипатталады. Мысал үшін Алланың Елшісінен сахабасы Хурайра жеткізген бір хадисте: «Бір адам өзін таудан тастап, өлтірсе, ол адам жаһаннамда (тозақта) болады. Сөйтіп өзін мәңгі тозаққа тастайтын болады. Ал бір адам у ішіп өзін-өзі өлтірсе, сол удан тозақта мәңгі ішетін болады. Сондай-ақ бір адам өзін пышақпен немесе қылышпен өлтірсе, сосын сол пышағымен немесе қылышымен өзін-өзі тозақта даөлтіретін болады», – делінген. Дінімізде осылайша өзін-өзі өлтіру орны толмас ауыр күнә есебіне жатқызылады. Мұнан барынша сақтанып, дұрыс жолмен жүруге әдеттенуіміз керек», – деді.

Жиынға қатысушылар алдағы уақытта да осындай мәнді де мағыналы кездесулер өз жалғасын тапса деген ізгі ниетпен келген қонаққа алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру