Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен және қалалық Ішкі саясат және Дін істері басқармасы мен Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Сүндеттеу - мұсылманның міндеті» атты игі шара ұйымдастырылуда.
Аталмыш шараға қаладағы 500-ден астам көпбалалы отбасылар мен тұрмыс жағдайы төмен жанұялардың балаларын сүндеттеу көзделуде. Сүнндеттеу шарасы демеушілердің көмегімен тегін жүргізілді. Атап айтқанда, игілікті шараға республикалық «Үмбет» қоғамдық қайырымдылық қоры қаржылай көмек көрсетті.
Іс-шараШымкент қаласына қарасты Асар мөлтек ауданы №757 қалалық балалар емханасы мен Сайрам тұрғын үй алабындағы балалар ауруханасында өткізілуде.
Жалпы сүндеттеу медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. сircumcisiо – дөңгелек кесу) деп аталады. Сүндет – пайғамбарлардың амалы мен сөзіне қатысты қолданатын арнайы термин. Демек, бұл амал пайғамбарлардан бастау алады. Анығырақ айтқанда, пайғамбарлар атасы Ибраһимнен бастау алатын сүннет. Бала туылған алғашқы айдан бастап жасалатын амал. Бұл балиғат жасына жетпей де, кейде белгілі бір себептермен балиғат жасынан кейін де жасала беретін амал.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
29.08.2019
5149
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру