«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында облыс орталығындағы Сазды елдімекенінде № 66 орта мектептің ұжымымен «Діни ағымсыз – Қазақстан» тақырыбында кездесу өткізілді. ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби қажы Оспанмен және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Нұрмұхаммед Разақовпен кездесуге мектептің ұстаздары мен ата-аналар, барлығы 100-ден астам адам қатысты.
Ауыл адамдарымен кездесу барысында, негізінен, қоғамымызға жат – деструктивті діни ағымның сипаты және қауіптілігі турасында сөз қозғалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, бұл басқосуда парасатты қоғамды қалыптастырудағы рухани жаңғыру мен биік адамгершіліктің маңызы жөнінде әңгіме өрбітілді. Өкіл имам жергілікті тұрғындардың әртүрлі көкейтесті сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Айта кетейік, 20 тамызда Ақтөбе қаласы бойынша «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы басталды және ол бір ай бойы жалғаспақшы. Бұл жоба аясында 20 қыркүйекке дейін Ақтөбе қаласында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағытында әртүрлі сала мамандары жұмыс жасап, түрлі форматтағы іс-шаралар мен кездесулер өткізу жоспарланып отыр.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
29.08.2019
2631
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру