Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 28.08.2019 3440 0 пікір

Маңғыстау облысына қарасты мешіттерде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Игі шара аясында Облыстық орталық мешітте 20 балаға мектеп формасы табыс етілді. Сондай-ақ Маңғыстау ауылдық «Миғраж» мешіті 120 балаға, Жетібай ауылдық «Сүйінғара Үргеніш-байұлы» мешіті 50 балаға оқу құралдары салынған сөмкелер сыйлады.

Республикалық ауқымды жоба барысында «Миғраж» мешітінде өткен игі шараға өкіл имам С.Сейтбеков арнайы барып, балалардың қуанышымен ортақтасып, сөмкелерді табыс етті.

Шара соңында ата-аналар мешіт имамдарына өз ризашылықтарын білдірді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру