Үшқоңыр медресе колледжінің жыл сайын сіздермен бөлісетін көптеген жақсы жаңалықтары бар. Сондай жаңалықтардың бірі биылғы 2019-2020 оқу жылына қабылдау емтиханы өтті. Биылғы қабылдаудың ерекшелігі оқуға түсуге ниеттенген талапкерлер санының көптігінде болды. Нақтырақ айтсақ 232- дей талапкер оның 120-сы ұл бала болса 112-сі қыз бала. Оның 19 үздік аттестатпен келген. Шектеулі орынға талапкерлер үлкен ыждаһатпен бақтарын сынасты. Емтихан қабылдауға коммисия төрағасы болып Нұрсұлтан қаласынан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Тлегенұлы мырза келді. Сонымен қатар коммисия мүшелерінің құрамына Алматы аймағы бойынша өкіл имамы Наржанов Қуаныш пен колледж директоры Абзал Майлыбайұлы директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Тиленов Нұрбол мен Бердмурат Бекболат ұстаздар қатысты. Емтихан басталар алдында колледжбен бір аулада орналасқан облыстық «Қарасай батыр» мешітінде жиналып Құран оқылып бата жасалды. Ұстаздар сөз сөйлеп талапкерлерге сәттілік тіледі. Емтихан екі бөлімнен тұрды. Тест және ауызша сұхбаттасу. Үшқоңыр медресе колледжіне екі жүз отыз екі талапкердің арасынан 75 талапкер сүрінбей өтіп студент атанды. Сөз соңында коммисия төрағасы Серікбол Тлегенұлы жаңа оқу жылына қабылданған студенттерді құттықтап, оларға тек сәттілік тіледі.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
28.08.2019
4579
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру