Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: СЫР МЕШІТТЕРІ 1502 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 27.08.2019 2818 0 пікір

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен еліміздің барлық мешіттерінде өткізіліп жатқан "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциялары бүгінде мыңдаған балаға қуаныш сыйлауда.

Бұл жылы да дәстүрден жаңылмаған ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты Сыр мешіттері аталмыш акцияға өз үлестерін қосты.

Жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылған игі шарада, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларын, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды қосқанда, 1477 балаға оқу-құралдарымен жабдықталған сөмке, 23 балаға мектеп формасы, 2 балаға қаржылай көмек көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру