ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі облыстық орталық мешітте «Мектепке жол» атты Республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырды. Қайырымдылық шараға Облыстық орталық мешіті, қалалық мешіт және Мұнайлы ауданының мешіттері ат салысып, 420 әлеуметтік аз қамтылған, асыраушысынан айырылған, көп балалы отбасылардың балаларына мектеп сөмкесімен бірге оқу құралдары табысталды.
Аталмыш шараға Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков, Маңғыстау облысы бойынша Білім басқарма басшысының орынбасары Айжақсы Жылқыбайқызы мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында Өкіл имам Маңғыстау телеарнасына сұхбат беріп қайырымдылық шараға ат салысқан барлық азматтарға алғысын білдірді. Бас имам оқушыларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат болуға шақырды. Содай-ақ игі шара басқа да аудандарда өз жалғасын табатынын жеткізді.
Шара соңында ата-аналар Діни басқармаға алғыстарын айтып, мешіт имамдарына өз ризашылықтарын білдірді.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
27.08.2019
3148
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру