Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

28 Мамыр 2026

11 Зулхижжа 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Әл-Азһар университетінде білім алып жатқан Нұр-Мүбарак университетінің түлектері ойларымен бөлісті

Айша Кеңесбай Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 26.08.2019 3619 0 пікір
Әл-Азһар университетінде білім алып жатқан Нұр-Мүбарак университетінің түлектері ойларымен бөлісті

Мысырдағы әл-Азһар университетіне жыл  сайын Нұр-Мүбарак университетін үздік оқыған түлектер жолдама алып жатады. Бүгінде әл-Азһардың үшінші курсына аяқ басқан Нұрсейіт Омаров өзі түлеп ұшқан Нұр-Мүбарак университетіне ат басын тіреп, ұстаздарымен жүздесіп,  жүрекжарды пікірімен бөлісті.

- Мен Нұр-Мүбарак университетін 2015 жылы тәмамдаған болатынмын. Бірге бітірген 10 бала болып Нұр-Мүбарак университеті басшылығының батасын алып Мысыр еліне аттандық. Біздің байқағанымыз, көбі әл-Азһар университетінде оқығысы келеді, бірақ өздігінен барғандар 2-3 жылдай уақытын жоғалтып жатады. Ал біз екіжақты келісім нәтижесінде арнайы грантпен барып, бірден білгір шейх, профессор ғалымдардан дәріс ала бастадық. Тіпті бізден кейін келген Нұр-Мүбарак университетінің түлектері екінші курсқа бірден қабылданатын жағдай жасалып жатыр. Ал бейресми жолмен, өздігінен барғандар құжаттар тапсырып, араб тілін меңгерем дегенше уақыттан көп ұтылып жатқанын көріп, елімізде Нұр-Мүбарак университетінің болғанына кеудемізді  ерекше мақтаныш кернегені рас,-деп Нұрсейіт ағынан жарылды.

Нұрсейіт Омаровпен қатар барған  түлектердің 3-і денсаулығына, отбасылық жағдайларына байланысты елге оралуға мәжбүр болған. Олар болашақта білімдерін жалғастыруға да үміттері басым. Нұр-Мүбарак университетінің үздік түлектері әл-Азһарда білім алуды армандайтын талапкерлерге ең әуелі өз еліміздегі жалғыз ислами жоғары білім ордасында тәлім алудың артықшылығы мол екенін  жеткізгісі келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру