Жылдағы үрдіс бойынша мешіт қызметкерлерінің атсалысуында, мейірімді жандардың демеуімен 200 балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары таратылды. Сондай-ақ, әр балаға мектеп формасына 5000 теңгеден қаржылай көмек берілді.
Шараға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, І наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі Наурызбай қажы Тағанұлы, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов арнайы қатысты.
Сөз алған бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім сапарларына сәттілік тіледі. Сонымен бірге, іс-шараның мән-маңызына тоқталып:
Аталмыш акцияға ата-аналар қауымы дән ризашылықтарын білдірді.
Осылайша, мешітіміздің ұйытқы болуымен қаламыздағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға бас-аяғы 2 миллион теңгенің көмегі көрсетілді.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.ummet.kz
26.08.2019
3462
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру