Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының батыс Қазақстан бойынша өкілдігі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайырымдылық шараға Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев, аталмыш мешіттің наиб имамдары, ата-аналар қатысты.
Алдымен өкіл имам Мұратбек қажы Мұхтарханұлы құттықтау сөз алып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың игі тілегін жеткізіп, әлдилеп баққан ұл мен қыздарын білімді, ата-анаға, еліңе жақсылық жасайтын. Иманды перзенттер болуын тілеп, жергілікті теле-арнаға сұхбат берді.
Шараға қатысқан ата-аналар Дінбасымызға шексіз ризашылықтарын айтып, оқушыларға өздерінің ақ тілегін жеткізді.
Ақжайық өңірі бойынша 300 оқушыға мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табыс етіп, өкіл имам Мұратбек Мұхтарханұлы сауапты бастамаға қолдау білдірген атымтай жомарт азаматтарға шексіз алғысын айтып, сауапқа кенелуін тіледі.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
26.08.2019
3392
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру