Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Бас имам Батыржан Мансұров 250 отбасының балаларына оқу құралдарын тапсырды

www.islam-atyrau.kz 24.08.2019 3273 0 пікір
Атырау: Бас имам Батыржан Мансұров 250 отбасының балаларына оқу құралдарын тапсырды

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров орталық "Иманғали" мешітінде 250 мұқтаж отбасының балаларына оқу құралдарын тапсырды.

Республикалық деңгейде өтіп жатқан "Мектепке жол" акциясы аясында əлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты, көп балалы, яғни, қамқорлықты қажет ететін отбасылар қамтылды. "Ислам - бауырмалдықтың, ізгіліктің діні. Мұсылман баласы бір-біріне көмек қолын соза білуі керек. Біз бүгін балаларымыздың мектепке баруына мүмкіндік жасап отырмыз" дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров.    

Ерекше атап өтерлігі, қайырымдылық акциясының телевизиялық түсірілімін жергілікті облыстық "Атырау" телеарнасы бірнеше камерамен қамтамасыз етіп, шараның тікелей эфирден көрсетілуіне мүмкіндік жасады. 

Еске сала кетелік, 250 балаға таратылған оқу сөмкелерінің ішінде мектепке қажетті барлық құралдар салынған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру