Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: ЖАНТ кездесулері жалғасуда (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі   24.08.2019 2156 0 пікір
ШҚО: ЖАНТ кездесулері жалғасуда (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Аслан Абаков Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінде ауданының жамағаттарымен кездесті.

Кездесуге жиналғандарға ол жат ағымдар тарихынан сындарлы уағыз айтты. «Кері ағымдардан сақтану оның таралуынын алдын алу басты міндетіміз. Біз ұлт ретінде өз салт-санамызды сақтау маңызды. Ұлы Жаратушы Ие адамдарды ұлттарға бөліп жаратқан» дей келе, ол адамгершілік пен имандылық қағидалары туралы жақсы мысалдар келтіре отырып, насихат айтты.

Кездесуде жамағаттар да өздері байыбына бара алмай жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды.

Сонымен қатар «Өскемен орталық мешітінің» наиб имамы Арман Томантаев Алтай ауданы «Ақтан» мешітінде халықпен дидарласты. Кездесуде наиб имам А.Томантаев ЖАНТ аясында жасалып жатқан кездесудің маңызына тоқталып, діни алауыздыққа қарсы тұру және дәстүрлі исламның құндылығнынан тағылымды насихат айтып, жамағаттың сауалдарына жауап берді.

Өңірде жоспарланған ЖАНТ кездесулері аудан, қалаларда жалғасуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру