Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әбу Ханифа медресе колледжінде 2019-2020 оқу жылына қабылдау емтиханы өтті

www.muftyat.kz 24.08.2019 2951 0 пікір
Әбу Ханифа медресе колледжінде 2019-2020 оқу жылына қабылдау емтиханы өтті

Әбу Ханифа медресе колледжінде 2019-2020 оқу жылына қабылдау емтиханы өтті. Орта білім және кәсіптік техникалық орта білім негізінде құжаттар тапсырған талапкерлердің арнайы шығармашылық емтиханын қабылдауға комиссия төрағасы болып Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының діни білім жəне кадр дайындау бөлімінің маманы Аршабаев Серікбол мырза келді. Сонымен қатар комиссия мүшелері Алматы қаласы орталық мешітінің бас ұстазы Сапанов Талғат ұстаз және Әбу Ханифа медресе колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаев Данияр ұстаз болды. Комиссия мүшелері талапкерлердің мамандық ерекшелігін ескере отырып, білім деңгейін анықтады. Сонымен қатар имандылық жолдың ерекшелігі де ескеріліп, талапкерлердің діни таным деңгейі, болмыс нанымына басымдық берілді.

Биыл Әбу Ханифа медресе колледжіне орта білім және кәсіптік техникалық орта білім бойынша елуге жуық талапкерлердің арасынан қырық білімді талапкерлер емтихан сұрақтарынан сүрінбей өтіп, студент атануға мүмкіндік алды.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының діни білім жəне кадр дайындау бөлімінің маманы Аршабаев Серікбол мырза емтихан сұрақтарынан сүрінбей өткен талапкерлерге жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру