Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 24.08.2019 2836 0 пікір
Шымкент қаласына іс-сапармен келген  ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің  меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев Шымкент қалалық орталық мешіттінде жамағатпен кездесіп,  «Дүние – ақырет егістігі» тақырыбы бойынша жұма уағызын жүргізді.
 
«Әрбір теріс қылық пен күнәлі іс адамзатты құрдымға жетелейді. Жақсы мен жаманды айырудан қалдырады. Адам баласы бұл дүниеде не еккен болса, демек, қандай амал жасаған болса, ақыретте соны орады, яғни оның нығметін көреді. Сондықтан адам баласы әрдайым жақсылық пен ізгілік жолында болуы қажет», - деді К.Тұрдыбаев.
 
Қасиетті жұма намазынан соң жамағат Жаратқаннан жақсылық тілеп, дұға жасап, бата-тілектерін арнады.
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру