Жыл сайын оқу жылының қарсаңында ҚМДБ-сының Алматы өңірі бойынша қала-ауыл мешіттері тарапынан атқарылатын «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Биылғы оқу жылында да аталмыш сауапты амал жалғасын тапты. Бұл ізгі шара балаларды білімге жұмылдырып, оқуға деген қызығушылығын арттыратын бірден-бір дұрыс қадам болып есептеледі.
Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінде «Мектепке жол-2019» қайырымдылық іс-шарасы өтті. ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы жиналған оқушыларды келе жатқан жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда озат әрі білімді болып, ата-ана мен ұстаздарды құрметтеп, еліміздің өркендеуі үшін жақсы білім алып, болашақта адал қызмет жасауға шақырды. Қайырымдылық іс-шара аясында мектеп жасындағы 150 оқушыға және Алматы өңірі бойынша 1000 астам оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен кеңсе қажеттері таратылды. Жиын соңында балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі
22.08.2019
3168
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру