Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – мешіт жамағаты мен халыққа діни білім беріп, имани, шариғи сауатын ашып, Алла әмір еткен, Пайғамбар (с.а.у) салған сара жолға нұсқау болып табылады. Әрі бұл бірден-бір бақытқа жеткізетін жол деуге болады. Сондықтан, Алматы тұрғындары мен қонақтары, сіздерді елімізге танымал уағызшы-исламтанушы ғалымдарымыздың аптаның алты күнінде түрлі тақырыпта өтетін діни дәрістеріне шақырамыз. Дәріс күнделікті (дүйсенбі мен сенбі күндері) ақшам мен құптан намаздары аралығында Алматы қалалық Орталық мешітінде өтеді.
Уағыз кестесі төмендегідей:
Дүйсенбі: ұстаз Ерсін Әміре, «Тахауи ақидасы»
Сейсенбі: ұстаз Ерсін Әміре, «Ихья улум ад-Дин (Дін ілімдерін жандандыру)»
Сәрсенбі: ұстаз Еркінбек Шоқай, «Құран Тәпсірі»
Бейсенбі: ұстаз Бауыржан Әлиұлы, «Сира (Пайғамбардың (с.а.у) өмір жолы)»
Жұма: ұстаз Серік Ахметов, «Ханафи фиқһы»
Сенбі: ұстаз Ермек Көкірекбаев, «Рияду ас-Солихин»
Құрметті, ілім қуған мұсылман бауырлар, Пайғамбарымыз(с.а.у): «Ілім алу – әрбір ер мұсылман мен әйел мұсылманға парыз» дегендей, сіз де ілім нығметінен өз үлесіңізді алып, сол арқылы Әлемдердің Раббысын тануға, құлшылықтарыңызды бекемдеуге асығыңыздар!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.azan.kz
22.08.2019
3629
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру