Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы басталды

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 22.08.2019 2762 0 пікір
Ақтөбе: «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы басталды

Осы аптада Ақтөбе қаласында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бастау алды. Облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан шара 7 бағыт бойынша халыққа қызмет көрсетпек. Нақтырақ айтқанда, ауқымды түсіндіру жұмыстары, дін мәселелері, бизнесті дамыту, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, ақпараттық жұмыс, теракт, қауіп-қатерге дайындық бағыттары бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жоба – заман талаптарына сай халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың жаңаша бір тетігі, оңтайлы әді­сі деп атауға болады.

Аталмыш жобаның І-ші бағыты яғни, «Кең көлемдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және өзекті мәселелерді шешу» бойынша қала мешіттерінің жамағатына өкіл имам Төлеби қажы Оспан бастаған имамдар үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

Төлеби Дәділұлының «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде «Қылмыстық əрекетті – Құдай да құп көрмейді» атты тақырыпта өткізген кездесуіне жалпы саны 130 адам қатысты. Сондай-ақ, осындай түсіндіру жұмыстарын қалалық мешітте Амантай Садиев жүргізсе, наиб имам Шымболат Үмбетов «Сүлеймен ата» мешітінде жат ағым зардаптары жөнінде баяндады.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысының орталығында бір ай бойы жалғасатын жоба аясында түрлі іс-шаралар мен кездесулер өткізу жоспарланған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру