ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" мешітінде "Мектепке жол" науқанының аясында қайырымдылық іс-шарасы жасалды.
Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек ретінде жалпы 30 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмкелер сыйға тартылды.
Су жаңа сөмке асынған бүлдіршіндердің қуанышты шарасына мешіт ұстаздары мен шәкірттер атсалысты.
Сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева білімнің маңызы жөнінде сүбелі сөз сөйлеп, оқушыларға жаңа оқу жылында озат болуларын тілеп, қалам-қарындашы, дәптер, сызғышы сынды барлық керек-жарағы түгел сөмкелерді табыстады.
Ата-аналар разылығын айтса, балалар жаңа құралдарын ақтарысып, мәз-мейрам болды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақерке БЕКҚҰЛОВА, "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі
22.08.2019
3226
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру