Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Мектепке жол» акциясына 200 оқушы қамтылды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 21.08.2019 3077 0 пікір
ШҚО: «Мектепке жол» акциясына 200 оқушы қамтылды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» атты акциясын жариялаған болатын. Бүгін облыстық мешітте көпбалалы отбасылардың балаларына оқу-құралын табыс ету шарасы болып өтті. Акцияның бастапқы кезеңі ретінде 200 оқушыға оқуға қажетті құралдар үлестірілді.

Іс-шарада Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Тілеуханұлы ата аналармен оқушылар алданда сөз сөйлеп, игі істің маңызына тоқталды.

Бірінші наиб имам:

«Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім мейірімділік жасамаса, оған мейірімділік етілмейді» деп өсиет еткен. Мұқтаж жандарға көмек қолын созу адамгершілік парыз. Біз бір--бірімізге қайырымдылық жасай білсек қоғамда ізгілік орнайды. Мектеке жол акциясын жыл сайын жасап келеміз. Бұл игі іс өңірдің аудандар да өріс алуда» деп атап өтіп, оқушыларға жаңа оқу жылында табыс тіледі.

Көмекке ие болған оқушылардың ата-аналары өкілдікке ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар Өскемен қаласындағы З.Ахметов атындағы №16 мектеп әкімшілігі атыннан оқу ісінің меңгеруішісі «Халифа Алтай» мешітіне қайырымдылық көмегі үшін «Алғыс хат» табыс етті.

Акция алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру