ҚМДБ ғұламалар кеңесінің хатшысы, халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінің меңгерушісі, PhD доктор Ершат Оңғаров Сыр жамағатымен кездесті.
Сыр еліне арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ бөлім меңгерушісі алдымен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысқан соң, мешіт жамағаттарымен бірге құптан намазын оқыды.
Бұдан кейін исламтанушы, теолог, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы бас мешітке жиылған жамағатқа «ауызбіршілікті арттыру», «ақида ғылымы», «аяттарды бұрмалау», «надандыққа берілмеу», «білім алудың маңыздылығы» тақырыптарына тоқталып, діни білімді тек арнайы бекітілген мешіт, медресе, университет ұстаздарынан алу керектігін түсіндірді.
Сұхбат соңынде пікір алмасып, сұрақтарға жауап берілді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру