Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: СЫР ИМАМДАРЫ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУДА

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 20.08.2019 2343 0 пікір

Бүгін Қызылорда қаласында облыс бойынша дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары басталды.

4 күнге созылатын курста мешіт имамдары мен теологтар Қазақстан тарихы мен мәдениеті, саясаттану, дінтану, Ислам және Православиелік Христиандықтың негіздері, Протестанттық және жаңа діни ағымдар,  психология сынды пәндер, шешендік өнер негіздері бойынша исламтанушы, теолог, PhD доктор,ҚМДБ  халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінің меңгерушісі Е.Оңғаров, психолог И.Беркимбаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бөлімінің басшысы Ж.Аханов, Павлодар қ. Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Раздыкова,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бөлімінің басшысы, философия магистрі О.Гайко сынды республикамызға белгілі білікті мамандардан дәріс алады.

Курс бағдарламасына сәйкес, алғашқы күні исламтанушы, теолог, PhD доктор  Ершат Ағыбайұлы «Қазіргі кездегі Ислам факторы. Исламофобия» тақырыбында дәріс өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

40 академиялық сағатқа созылатын оқыту семинарының соңында қатысушыларға біліктілік сертификаты табысталатын болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру