Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт құрметіне ардагерлер кеңесі бас қосты (ФОТО) 

www.ummet.kz 19.08.2019 2522 0 пікір
Құрбан айт құрметіне ардагерлер кеңесі бас қосты (ФОТО) 

Бүгін «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлының ұйытқы болуымен Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелеріне дастархан жайылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Құрбан айт мерекесі құрметіне елорда төрінде орналасқан дәмханада 60 кісіге дастархан жайылды. Мерекелі дастархан басында бас қосқан қариялар емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды. Отырыс барысында «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Нариман Исенов уағыз жүргізді. Кездесу соңында қатысушыларға сыйлықтар таратылды. Өз кезегінде әр саланың ардагерлері, өмірден көрген-түйгені көп, көз көрген аға буын игі шараның жүзеге асуына атсалысқан наиб имам Байзақов Русланға және мешіт ұжымына өз ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру